Ізденісті еңбек қажет-ақ

(0 Votes)

Елбасымыздың көрегенді саясатының келешек ұрпақтың санасында адамдық қасиеттен өзге, туып өскен жеріне, Отанға деген асқақ рухты тәрбиелеудегі рөлі ерекше.

Соның айғағы – күні кеше ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы. Елбасының «Архив-2025» деген үлкен зерттеу жұмысына қатысты пікірі менің жаныма жақын. Олай дейтінім, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі деректі құжаттарды қазіргі цифрландыру дәстүріне салар болсақ, оның кейінгі ұрпақ үшін құнды материал болатыны сөзсіз.

Ол тіптен, оқушылардан бастап, студенттер, педагогтар, ғалымдар үшін таптырмас қор болар сөзсіз. Қазір осы бағыттағы жұмыстармен айналысып жүрген соң мен үшін бұл үлкен жаңалық болғалы тұр. Бұл ретте төменнен бастап, яғни мектептерден бастап ізденісті еңбек қажет-ақ.

Орах ДЕҢГЕЛБАЕВ,

өлкетанушы, ауданның құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521