Іскер әйелдер бас қосты

(0 Votes)

Өткен аптада аудандық Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлназ Едігеева және нәзік жанды кәсіпкерлер қатысты.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және әйелдер бастамаларын қолдау, жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін табысты жобалар үлгісінде ісін ынталандыруды арттыру, әйелдер кәсіпкерлігінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарын талқылау мен түсіндіруді мақсат еткен кездесуде өз қызметінде елеулі жетістіктерге қол жеткізген аруларымыздың ерен үлгілері кеңінен насихатталды.

isker-aiel-3

Соңғы жылдары ауданда ауыл шаруашылығымен және басқа да кәсіп түрлерімен айналысып жүрген нәзік жандар жетерлік. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға ие болған кәсіпкерлер де аз емес.

Жиын барысында қатысушылар өз бизнестерінің шыңына шығу жолында жеткен жетістіктерімен қатар, өз тәжірибелерімен де бөлісті. Бизнес бастауда кездесетін түрлі кедергілер мен оны жеңу жолдары бойынша мамандар кеңес берді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін қолдау-көмек жайы да толық баяндалды.

isker-aiel-1

Кеңес барысында бизнеске келуші қыз-келіншектердің білім алуына, түрлі шеберлік сағаттарынан өтіп, білімдерін жетілдіруді, қаржы табудың түрлі тетіктерін меңгеріп, ізденуге кеңес берді.

isker-aiel-2

Жиын соңында аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қызметіне «Батиха» шаруа қожалығының басшысы Балтагүл Едігеева тағайындалды.

Сондай-ақ, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіп иелерінің жұмысымен танысып, нысандарды аралады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордыкі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521