ECER-2024 білім беру саласындағы Еуропалық зерттеушілер қауымдастығының дәстүрлі 30-конференциясы биыл Кипрдың Никося қаласындағы University of Cyprus-та өткен болатын.
Аталған шараға 71 елден 2299 қатысушы келіп, 1680 презентация қорғалды.
Конференцияға қатысып, өз баяндамаларын және практикалық нәтижелерін еуропалық педагогтер және ғалымдар қауымына ағылшын тілінде таныстырғандар сапында Атыраудағы NIS ұстаздары Гүлнұр Кенжеева мен Айсәуле Тлеулесова да бар.
Олар өз жұмыстарын Атыраудағы NIS ұстаздарымен бірге даярлаған болатын. Анығында, Айсәуленің командасында Рахымжан Косанов, Syed Abbas Asif, Мөлдір Дюсенгалиевалар болса, Гүлнұр Кенжееваның жанында Раушан Бердиева, Кумисай Хасанова, Дариға Нұржанова, Жұмагүл Есеркеновалар болды.
Білімді де белсенді ұстаздарымызды айтулы жетістіктерімен құттықтай отырып, тың шығармашылық табыс тілейміз.