Доссордағы ең қарт тұрғындардың бірі дауыс берді

(0 Votes)

№211 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да еш кедергісіз өз таңдауын жасау үшін дауыс беру орындарында айрықша жағдай жасалған.

Ал денсаулық жағдайымен мұнда келе алмайтын жандар үшін көшпелі сайлау жәшіктері үйлеріне жіберілуде. Аталмыш сайлау учаскесіне 11 тұрғын үйден дауыс беру үшін өтініш жазған. Солардың бірі 1937 жылы туылған Ибағали ақсақал. Ширақ, әрі сергек ақсақал ауа-райының қолайсыздығанан учаскеге бара алмай отырғанын жеткізді. Елдегі саяси ақпаратқа қанық ақсақал дауыс беру азаматтық парызым дейді.

4c9d2d05-9bf3-43fd-a458-27c69b7d06fa-1

«Бүгін сайлау күні бүкіл халық дауыс беріп жатыр. Бұл өте жақсы. Облыс бойынша сағат он бірлерде радиодан Атырау халқы 32 пайыз дауыс беріп үлгерді деп естідім. Жолдасым екеуміз күннің тайғақ екен көріп, дауыс беру үшін үйге шақырттық. Одан басқа шүкір жайлап барамызғой. Осыған дейінгі сайлаулардан қалмай, ертемен баратын едік. Сайлаудан сайлауға жете берейі»,- деп ақ батасын берді Ибағали Шаримов.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521