Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын маңызды құжат екендігін баса айтты. Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті нығайту, экономиканы өркендету және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бағытына да жіті тоқталды.
Осы орайда, Жолдауды түсіндіру және талқылау мақсатында аудандық орталық кітапханасында «Жолдау – болашаққа айқын бағдар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Роза Әбілханова, архив филиалының басшысы Клара Сапар, аудандық орталық аурухананың дәрігер сарапшысы Эльмира Мейрамбайқызы, Миялы ауылдық округінің бас маманы Бақтыгүл Әзи және кітапхана қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында, кітапханашы Майра Өтежанова Жолдауда айтылған негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Әсіресе, құқық тәртібі мен экономикалық өрлеу мәселелері талқыланып, қатысушылар осыған қатысты өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің инженері Жанар Әжіғалиева дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, естелік суретке түсті.
Майра ӨТЕЖАНОВА,
Қызылқоға аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі