Аудан еріктілері балалар үйіне базарлық апарды

(0 Votes)

Аудандық Жастар Орталығы жаңа ғимаратқа көшкелі белсенді жастардың саны арта түсті. Топтасқан жастар командалар құрып, шара ұйымдастырудан өзара бәсекеге түсуде. Көптеген бастамаларды қолға алып ұйымшылдығымен көзге түсіп жүргендердің бірі - «Шедевр» командасы.

Биылғы жылды қайырымдылықпен қорытындыламақшы болған «шедеврліктер» аудан тұрғындарынан қаражат жинаған еді. Нәтижесінде белсенді жастар өз міндеттерін ойдағыдай орындап, жұрттың аманатына қиянат қылмай, Атырау қаласындағы  балалар үйін мекендеген кішкентай бүлдіршіндерге жаңа жыл қарсаңында киім-кешек, ойыншық және тәттілерді сыйлап қуантты.

«Көрші аудандар мен басқа облыстардан да қол ұшын созғандар болды. Айналдырған бірнеше күнде 100 мыңнан астам ақша түсті. Жомарт жандардың барлығына алғысымыз шексіз. Жарыссақ, жақсылық жасап, жарысайық!», - дейді игі бастаманың басы-қасында жүргендердің бірі Мөлдір Ақмурзина.

«Берсең, балаға бер» демекші, сәбидің шат күлкісіне жетер ештеңе жоқ. Іні-сіңлілеріне мерекелік көңіл -күй сыйлауға асыққан жасөспірімдерге «жарайсыңдар» дегеннен басқа сөз жоқ!

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT