Биыл облыс бойынша ірі сабақты мал азығына 605 мың тонна шөп пен 44,5 мың тонна құрама жем қажетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгінде оның 94%-ы жинақталған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Ақтілек Нұроллаева мәлімдеді, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Қазіргі уақытта облыс бойынша шөп дайындайтын 91 ірі шаруашылық және жем сататын 26 сауда орны жұмыс істейді . Бұдан бөлек, Атырау қаласында орналасқан «Карат» ЖШС-і өңірдегі шаруаларды кебек жемімен қамтамасыз етуде, - деді А.Нұроллаева.
Жергілікті жерде дайындалатын рулонның бағасы 4500 - 6 500 тг, сатып алу бағасы тасымалдау шығындарын қосқанда 7500 - 10 000 тг аралығын құрайды. Жемнің бағасы түріне байланысты 1300 - 2300 теңге аралығында . Өңірге қосымша жем-шөп көрші Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан тасымалданады.
Сәуле МАҒАУ