Көрмеге "Дәулет — нан", "Асыл-агро", "Сауран", "Амангелді", "Перизат тәттілері" және басқа да көптеген өндірушілер, сондай-ақ, "Ұршық" қайырымдылық қорының мүшелері қолөнер бұйымдарын ұсынуда.
Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәлік Кариевтің айтуынша, көрмеге барлығы 50-ден астам жеке кәсіпкер қатысуда, олардың көпшілігі кәсібін жаңадан бастаушылар.
Көрмемен бірге алаңның орталығы асық, тоғызқұмалақ, армрестлинг ойындарына арналған импровизацияланған арена мен спорт алаңына айналды. Соның ішінде, тұрғындар өзара қошқарды көтеріп сынасып жатыр.