Бүгін Исатай ауданы, Зинеден ауылындағы той иелері яки жас жұбайлар өз референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп кетті.
Жас отау иесі Бауыржан Аманжолұлы мен Дилназ Ғалымтайқызы өздерінің болашағы үшін таңдауларын жасап, әр дауыс болашағы үшін маңызды екенін анық түсінгендей.
Отау иесі көп балалы отбасыдан шыққан үйдің екінші перзенті.
Ол дауыс беруге ақ көйлек киген қалыңдығы мен өзіде классикалық костюм киіп келді. Олар Зинеден ауылындағы №136 референдум учаскесінде дауыс берді.
Осынау маңызды күнде арнайы уақыт бөліп келген жастарға учаске төрағасы сый-сияпат табыстады Жастарға бақыт тілейміз!