Балалардың жазғы демалыс кезінде уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру деңгейі артқандықтан болса керек, биыл аудан балаларының лагерьлерде демалу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға артып отыр.
Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айнұр Сәрсенбаеваның айтуынша, үш ай каникулда аудандағы 8 мектепте жаз бойы жұмыс жасаған лагерьлерде 600 қамтылып, 30 баланың қатысуымен 1 мәрте әскери-патриоттық далалық лагерь ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер жанынан 1510 баланы қамтумен 8 тамақтандырусыз лагерь, 30 баланы қамтуымен Х.Санбаев атындағы орта мектебінде шипажай үлгісіндегі 1 лагерь, 1178 баланы қамтумен бейіндік 8 лагерь, 352 баланы қамтумен 8 дебаттық лагерь, 1840 баланы қамтумен 8 тілдік лагерь балалардың жақсы демалып, мәдени-спорттық шараларға қатысып, күнді көңілді өткізуге атсалысты. Бұған қоса, 8 қөгалдандыру тобына 528 бала, 7 құрылыс-жөндеу тобына 218 бала қамтылыпты.
-Жергілікті жерлерде жазғы каникул кезінде түрлі мәдени-тарихи орындарға өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру бағытына 1350 бала, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігіне 292 бала жолданды.
Сол секелді мәдени-көпшілік, спорттық шараларын өткізу мақсатында 100 баланы қамтумен М.Баймұханов атындағы және А.Құнанбаев атындағы орта мектептерінде 2 киіз үй лагері, 50 балаға Байгетобе мектеп-балабақша кешенінде тир ату мүкіндігі бар 1 лагерь, 50 балаға домбыра-пати лагері жұмыс жасады.
Ағымдағы жылы сәуір-маусым айларында Көкшетауда-15, Қапшағайда-6 оқушы демалып қайтса, Железноводск қаласындағы «Қазақстан геолог» лагеріне 74 бала, жалпы білім қорынан Алматы қалаларында 15 бала, облыстық «Тұлпар» лагеріне аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы, жетім отбасының 100-ге жуық бала демалды,-дейді ол.
Айтқандай, 2017-2018 оқу жылы бойынша 5218 бала лагерьмен қамтылса, 2018-2019 оқу жылында 5680 бала қамтылған. Яғни, өсім-2 пайыз.
өз тілшіміз