Алиментке әліңіз келмесе...

(0 Votes)

Мақат кенті әкімдігінің үлкен мәжіліс залында алимент бойынша 3 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешегі бар борышкерлерге бос жұмыс орындарынан жәрмеңке өткізілді. Шараның басты мақсаты жұмыссыздығы есебінен "болашағының"  алдындағы "берешегін" өтей алмай жүрген азаматтардың  жұмысқа орналасуына немесе  оларға белгілі бір кәсіпті игеріп әкетуге жәрдемдесу еді.

Жәрмеңкеде "КАРАТ" ЖШС-і, "SENIMDI KURYLYS" ЖШС-і, "Denholm Zholds" ЖШС-і мен  Сичим компаниясы қажетті кәсіп түрлерінің тізімін ұсынды. Сөйтіп, жәрмеңкеге келгендердің  бірі қарапайым жұмысшы ретінде түйіндемесін қалдырса, бірі жылыжай бизнесін жандандыру үшін кеңес алды. "Бастау бизнес" бағдарламасы арқылы жобасын сәтті қорғай білсе, қажетті  грантын (583 000 тг) ұтып алғысы келіп  отырғандар да жоқ емес. Тағы бірі трактор жүргізушісі болуға дайын екенін айтып, түйіндемесін ұсынды.

Ерінбеген адамның екі қолына бір күрек табылары анық. Тек тартынып қалмайық.


А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT