АЭС салу – экономикалық және экологиялық тиімді шешім

АЭС салу – экономикалық және экологиялық тиімді шешім
(0 Votes)

Отандық экономиканы дамыту үшінтұрақты энергия көзі қажет, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Біздің елде атом энергетикасын дамытуүшін үлкен мүмкіндіктер бар. Соны тек ддұрыс және тиімді пайдалану керек.Қазір атом электр станциясының құрылысы қоғамда қызу талқылануда.Бұл жағдайда мен ҚазақстанРеспубликасының азаматы ретінде атомэлектр станциясының ел үшін пайдасымен артықшылықтары туралы айтқымкеледі. Жалпы, атом электр станциялары энергетикада маңызды рөл атқарады.Олар көмірқышқыл газыныңшығарындыларын азайтады. Бұл өз кезегінде климаттың өзгеруімен күресугекөмектеседі. Сонымен қатар, атом электрстанциялары тұрақты және сенімдіэнергия көзі болып саналады. Өйткені,олар ұзақ уақыт жұмыс істей алады жәнекөп мөлшерде электр энергиясын өндіреалады. Сондай-ақ, халық тарапынан атомэлектр станцияларының қауіпсіздігі менқоршаған ортаға әсеріне қатысты алаңдаушылық та жоқ емес. Рас, атомэнергиясын пайдалану кезіндерадиоактивті сәуле бөліну қаупі бар жәнерадиоактивті қалдықтарды сақтаудақиындықтар туындауы мүмкін. Тіпті, аяқ астынан апатты жағдай орын алған жайттар да тарихтан белгілі. Бірақмұндай жағдайлар өте сирек кездеседі.Ең бастысы, пайдасы мен зияныарасындағы тепе-теңдікті тұрақты ұстай білу қажет. Сонда энергетикалыққауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты бірдей қамтамасыз етуге болады.

Жалпы, елімізде атом электрстанцияларын салудың бірқатарартықшылықтары бар. Бұл - көмірқышқылгазының шығарындыларын азайту, ауа райына тәуелді емес тұрақты жәнеүздіксіз электр энергиясын өндіру, жерді ауыл шаруашылығы мен басқа дамақсатта үнемдеу, сыртқы энергияғатәуелділікті азайту. Атом электрстанциялары ішкі энергия көзі болып табылады. Оны салу және пайдалануұзақмерзімді экономикалық пайдаәкеледі. АЭС ел экономикасы менэкологиясын жақсартудың бір жолы деп айтуға болады. 

Еламан АБЕЖАНОВ,

Атырау мұнай және газ университетінің жастар саясаты мен әлеуметітк мәселелер жөніндегі проректоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT