Өткен аптаның жұмасы күні С.Мұқашев көшесінде орналасқан 18/6 көп қабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесі істен шықты.
Кәріз жүйесінің істен шығуының салдарынан жертөле суға кетіп, апатты жағдай орын алып, тұрғындар «Атырау Су Арнасына» хабарласқан. Апат салдарын жою үшін «Атырау Су Арнасының» қызметкерлері қызу жұмысқа кірісіп кетті. Дегенмен де, көпқабатты үйдің тұрғындары үйдің артын қоршап, 3-ке бөліп алуы себепті апатты қалпына келтіру оңайға түспеді. Сол шарбақтың ішінде 3 аула құдығы бітеліп, жертөлесі суға кетіп жатыр. Осының салдарынан «Атырау Су Арнасының» вакуум автокөлігі кіріп, құдықты түйіп, тазалауға ешқандай мүмкіндік болмай, жұмысшыларға кедергі келтірген. Үйдің жертөлесі аузы-мұрнынан шығып жатыр. Жағымсыз иіс қолқаны қабады. Тұрғындар көпқабатты тұрғын үйдің артын өз беттерінше қоршап алу қаншалықты заңды? Бұл жөнінде «Атырау Су Арнасының» аудандағы өкілі Қ.Төлеуов аудан әкіміне хат жолдап, құзырлы органдар арқылы тексеріп, заң аясында шарасын қабылдауды сұраған.
Жертөлені тазарту үшін «Атырау Су Арнасынан» көмекке вакуум автокөлігін сұратып, келесі күні вакуум автокөлігі шарбаққа кіре алмай, сыртынан шлангісін ішке тартып, аудандағы қызметкерлермен бірлесе жертөлені тазартып, тізеден нәжіс кешіп, өз қолдарымен тазалаған жұмысшылар лезде қалпына келтірген.
Тазалау барысында тұрғындардың кәріз жүйесі бойына түрлі ұсақ заттардың табылғандығын айтып, мұқият болуларын да ескертті. Жауаптылар мұндай олқылыққа жол бермей, жертөлелердің уақытында бітуіне жұмыстанамыз дейді.
А.МАСАТҚЫЗЫ.
Сурет автордікі.