Халықтың бір­лігі – біздің бар­лық жетіс­тіктеріміздің кілті

(0 Votes)

Бей­біт­шілік пен тұрақтылық – күн сайын­ғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Қазақстан бүгінде өзін тату­­лық пен келісімнің мекені ретінде дәлел­деп, бейбіт өмірдің бесігіне айналып отыр.

Алаш елі тағдырд­ың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Еліміз­де мекен еткен ұлт пен ұлыс­тарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүр­лерін сақтауға лайықты жағдайлар жасал­ған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүр­лерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан жан-жақты дамуы­на үлес қосып келеді.

Қазақстанды өз Отаным деп санайтын барлық отандастарымыздың барлық жетістіктің кілті-бірлікте екендігін ұғынуы қажет. Ешбір құйтұрқы ой мен берекесіздікке бой алдырудың абырой бермесін дұрыс ұғынса дейміз.

Ел болған соң аракідік орын алар жайсыз жайттар жетерлік. Олардың бәріне де байыпты көзқараспен қарауымыз жөн.

Сәбит ХАЛЕНОВ,

аудандық ардагерлер кеңесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT