Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек берілетіндігін айтып өтті.
«Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі. Қазақстан халқына қоры да осы игі іске де үлес қоса береді деп ойлаймын», - деді Президент.
Иә, ел басына күн туған сол сәтте мақаттықтар да толқудың толқынына ілесті. Оларды ақылға шақырып ортасында жүргеніміз әлі көз алдымызда.
Президент айтып өткеніндей, қаңтар оқиғасы елімізге сабақ болуы керек. Бұл ең дұрыс шешім. Алдағы уақытта ел ішінде мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбаса дейміз. Себебі, біз үшін ең маңыздысы – тұрақтылық мен тыныштық.
Сәбит Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы