Мақатта сәби терезеден құлап кетті

(0 Votes)

Өткен сенбі күні Мақат кентінде көпқабатты пәтердің терезесінен бір жасар сәби құлап түсті.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Аслан Камаловтың мәліметінше 16 мамыр күні сағат түнгі 23.51 шамасында №8 ӨСБ байланыс бекетіне аудандық полиция бөлімі кезекшісінен «Болашақ» ықшам ауданындағы 3 қабатты үйдің екінші қабатынан 2019 жылғы сәби құлап қалағаны туралы хабарлама түскен. Сәбиді 2005 жылғы ағасы қылтима терезесінің алдында ойнап отырған жерінен абайсызда қолынан шығарып құлатып алған.

Оқиға орнынан сәби аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, ауыр хәлде болуына байланысты жедел жәрдеммен Атырау облыстық балалар ауруханасына жөнелтілген. Дереу ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылып бас сүйегіне ота жасалған. Қазіргі таңда бала ауыр 3 дәрежелі кома жағдайында.                                                                          

Осы орайда ТЖБ-нің мамандары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып, мұндай жағдайды алдын алу үшін мына сақтық шараларды ұмытпауды ескертеді:

- Кішкене балаларды жалғыз қалдырмаңыз;

- Москит торына есенудің қажеті жоқ. Олар баланы құлаудан қорғауға арналмаған;

- Бөлмені желдеткен кезде баланы қараусыз қалдырмаңыз;

- Балаға үлкендердің бақылауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;

- Ұйықтап жатса да баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз;

- Барлық жиһазды, кереуеттерді, терезеден алыс қойыңыз.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521