Шыны керек, соңғы елімізде, тіпті ауданымызда жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті.
Ол жүргізуші оспадарлығынан, сауатсыздығынан дейміз. Ал кейде, мүлдем басқа жағдай орын алып жатады.
Көп жағдайда жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан орын алатыны белгілі. Соңғы аптаның ішіндегі аудан тұрғындарымен болған жол-көлік оқиғасынан кенттен тысқары шығуға бетімізден басып жүрміз.
Жүргізушілер көп жағдайда қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кететінін көзіміз көріп жүр. Мұндай жағдайда көліктердің қатты зақымдалып, адам шығыны көбірек болатындығы анық. Расын айтқанда, бізде көлік жүргізу мәдениетінде кемшілік көп. Тіпті, жол бойындағы азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, тәртіпті қадағалау жұмыстары қанша күшейсе де, қауіп азаймай тұр.
Қазір жүйткіген көлік көп. Сол үшін де жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің құқықтық мәдениетін көтеру мәселесі күн тәртібінен түспеу керек. Қашан да абайсыздық жанымыздан қалмауы тиіс.
Ержан МАРАТҰЛЫ,
Доссор кенті.