Интернет алаяқтық көбейіп барады

(0 Votes)

 Облысымызда соңғы алты ай көлемінде 409 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. 

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оның 314-і – интернет арқылы тауар немесе қызмет көрсету түрлеріне алдын-ала төлем жасаған азаматтардың алдануы. Бұдан бөлек, жалған сілтемелер арқылы ақша қаражатын жымқыру бойынша 8 дерек, онлайн несие рәсімдеу арқылы алданған 39 дерек, өзгенің атын жамылып жалған аккаунттар ашып алдаған 6 дерек тіркеліп отыр.

Талдауға сәйкес, облысымызда интернет-алаяқтық құрбандары – 30-50жас аралығындағы тұрғындар. Әйел азаматшалар күмәнді интернет-дүкендерден тауар сатып алу арқылы алданса, ер азаматтардың басым бөлігі kolesa.kz және өзге де көлік құралдары мен бөлшектерін сататын жалған хабарламалардың құрбаны болған.

Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әртүрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде. Сол себепті Атырау облысы полиция департаменті интернет-алаяқтықты болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне қарамастан, тұрғындар арасында алаяқтардың құрбану болу дерегі азаймай отырғанын ескертіп, телефондағы түрлі спам хабарламаларға сенбеуге шақырады.

Атырау облысы полиция департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT