Балық аулауға барған мақаттық тұрғын суға батып кетті

(0 Votes)

 Мақат ауданы, Мұнайайдаушылар ауылының тұрғыны “Ақкөл” көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен.

Ақпаратқа сәйкес, 3 маусым күні 11 сағат 36 минутта аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне аудан аумағында орналасқан “Ақкөл” көлі тұсына балық аулауға 2 маусым күні азамат Е.Н шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабар түседі.

“Куәгерлердің айтуы бойынша азамат Е.Н ауды қарауға кетіп қайта оралмаған, қайық аударылған күйінде табылған. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 4 маусым күні, сағат 13:30 минутта Е.Н-ның мүрдесі судан табылып, ағайындарына тапсырылды”, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Айта кетейік, оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінің 2, №8 Өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері және 1 бірлік техника, Атырау қаласы Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылған.

Анықтама: «Ақкөл» көлі Қызылқоға ауданының Сағыз өзенінің тасуынан пайда болған су тоғаны. Мақат кентінен шамамен 50 шақырым жерде орналасқан.

“МТ”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз