Атырауда белгілі ақын өмірден өтті...

(0 Votes)

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 75 жасқа қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды AtyrauPress.

"Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті... Өмір деген осы екен... Бетімізден қақпадыңыз... Еркелігімізді көтердіңіз... Қамқор болдыңыз... Дүние шын жалған екен ғой... Алла алдыңыздан жарылғасын, аға!" деп жазды белгілі ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әлия Дәулетбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеді. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының және Республикалық «Махамбет» қорының президенті болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды. «Тұңғыш», «Мүң-кітап», «Асаукер» жыр кітаптарының авторы.

1996 жылы М. Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А. Байтұрсынов атындағы сыйлығын алды.Сондай-ақ Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT