Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында мақаттық «Болашақ» балабақшасының ұжымы бірауыздан шешім алып, біркүндік жалақысын аударды.
-Кішкене балалардың ата-анасынан адасып, оларды іздеп шарқ ұрған жағдайлары бізді бей-жай қалдырмады. Бала жанына жақын адамдармыз ғой. Тәрбиешілер де жалақысының аз-көптігін елемей, Арыстағы ағайындарға жәрдемдесуді өздерінің азаматтық борышы санайды. Сондықтан, уақыт оздырмай, қолдан келген көмегімізді беруді шештік,-дейді балабақша меңгерушісі.
Өз тілшіміз
Сурет: ашық дереккөзден