Қайырымдылық жасаудан тыс қалмаймыз

(1 Vote)

«Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлімінің қоймасында болған жарылыс еліміздің барша азаматын бей-жай қалдырмады.

Төтенше жағдай жанымызға батты. Халқымыз: «Апат айтып келмейді», – дейді. Қазір Үкімет қажетті шаралар қабылдауда. Ауданымыздың азаматтары да өз тарапынан қайырымдылық бағыттағы бастамаларға үлес қосуда.

"НұрОтан" партиясының аудандық филиалының жанынан штаб құрылып, қолдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, Мақат желілік- өндірістік басқармасы 133 адамның бір күндік жалақысын аударып отыр.

Мақат локомотив пайдалану депосының теміржолшылары, "Доссормұнайгаз" өндірістік басқармасы қаржылай көмек ұйымдастыруда.

Аудандағы кәсіпкерлер де қарап қалмай, заттай және қаржылай жинап беруде. Аудандық мәслихат депутаттары қаржылай көмек қолын созса, аудандық орталық аурухана 400 мың теңгені, 400 мың теңгені материалдық тұрғыда, яғни дәрі-дәрмекпен көмектесуде.

Бұл ретте өкпе ауруларына қарсы күрес ауруханасы қаржылай көмек көрсетсе, жекелеген аудан тұрғындары қолдарынан келгенше көрпе т.б тұрмыстық керек-жарақтарын әкеліп тапсыруда.

Е.ЕРМАҒАНБЕТОВ,

«НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521