Бүгін түнде Қазақстан бойынша тағы 7 адамнан қауіпті індет анықталды.
Ауру жұқтырғандардың төртеуі Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1 адам есепке алынды. Қазіргі таңда науқастардың барлығының бұған дейін вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталып отыр.
“Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр” делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.
Еске сала кетелік, 8 сәуір елорда уақытымен 8.45 сағаттағы дерек бойынша, Қазақстанда барлығы 704 адам коронавирус дертінен емделіп жатыр.
Сурет: ашық дереккөз