Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 6 сәуір күні Атырау облысындағы инфекциялық стационарда "коронавирустық инфекция" жұқтырғандар саны 29-ға жетті.
- 29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі екі бала бар. Қазіргі уақытта жиырма алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі байқалады. Бір науқастың ауруы күрделі өтуде, - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
Инфекциялық стационардағы барлық емделушілерге тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: ашық дереккөз