Атыраудағы Бейбарыс даңғылы қайта жаңғырмақ

(0 Votes)

Атырауда Бейбарыс даңғылын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Аталмыш көшенің жол-учаскесі 2020 жылдың 7 мамырында жабылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі хабарлағандай, Бейбарыс даңғылы Әбілхайыр хан даңғылынан Ғабдиев көшесіне дейін және Ғабдиев көшесі толық жабылады.

«Осыған байланысты аталған нысандардағы көлік құралдарының қозғалысы 7 мамырдан бастап шілде айының соңына дейін шектеледі», - деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары.

ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521