Атырауда жер сілкінісі болуы мүмкін бе?

(0 Votes)

Мамандардың айтуынша, Атырау мен Маңғыстау аймақтарында мұнай өндірілгендіктен жер сілкінісі болуы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Техногендік сипаттағы күшті жер сілкінісінен сақтану үшін теңіз бен құрлықта геодинамикалық тексеріс жүргізілуі керек екен.

– Теңіз бен Қашағанда «қара алтын» өндірілуде. Бірақ, жер сілкінісі бола қалса, дайынбыз ба? Теңіз астынан мұнай алынып жатыр. Ал, егер жер сілкінсе, сол теңіздің суы қалаға келіп, быт-шытын шығаруы әбден мүмкін ғой, - деп алаңдайды осыдан жиырма жыл бұрын Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде басшы болған Қажымұрат Хайрошев.

Демек, мұнай-газ кен орындарына жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына қауіп жоқ па, соны жіті тексеру керек-ақ. Бір «әттеген-айы», Маңғыстауда зерттеу жұмыстарын жүргізетін сейсмикалық станса жоқ екен. Ал, жуырда ғана Атырау-Маңғыстау шекарасында 4,9 балдық жер сілкінісі болған. Жер дүмпуі Volcanodiscovery сайтында тіркелді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT