Атырауда «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

(0 Votes)

17 - 19 шілде аралығында Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі қызмет көрсету объектілерінде көліктегі ішкі істер органдарының барлық күштері мен құралдарын жұмылдыра отырып, жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде, деп хабарлайды AtyrauPress. 

«Оның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту және алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу», - делінген Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі жіберген хабарламада.

Мира НҰРТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT