Дертке шалдыққан науқастың 34 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.
Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 1986 жылғы әйел инфекциялық стационарға жатқызылған. Оған дейін ол карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында болды. Науқас бұрын Covid-19 жұқтырған адаммен байланыста болған.
Қазіргі уақытта әйелмен байланысушы барлық тұлғалар анықталып, инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Науқасқа хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары тағайындалды.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 72-ге жетті. Ал, аталмыш індеттен 15 адам айықты.
Сурет: ашық дереккөз