Мақат стансасындағы Желілік Полиция бөліміне «Атырау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы вагондардың біріндегі мас жолаушы туралы хабарлаған. №1 вагон №1 орындағы 1980 жылы туған азамат А.К-ға АКТ жасақтап, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, жолаушылардың тыныштығына кедергі келтіретіндей масаң күйде жүргені үшін, аталған пойыздан түсіріп кеткен.
Мақат стансасындағы Желілік Полиция бөлімінің мамандары аталған құқық бұзушыны медициналық куәландырудан өткізіп, әкімшілік хаттама толтырып, аталған материалды аудандық сотқа заңды шара қолдану үшін жолдайды.
Сот отырысында Қызылорда қаласының тұрғыны А.К. кінәсін мойындап, вахталық әдіспен жұмыстан шыққанын, содан алкогольдік ішімдік ішіп пойызға масаң күйінде мінгенін, 00 сағат 02 минут шамасында Мақат стансасына келгенінде полиция қызметкерлері түсіріп алғанын айтып, түсініктеме берді.
Сот ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.К-ны кінәлі деп танып, оған 21 441 (жиырма бір мың төрт жүз қырық бір) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданды.
Д.КАУХАНОВА,
аудандық соттың кеңсе жетекші маманы