Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімінің қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми ақпаратта.
Автор: Есімжан Нақтыбай
сурет: ашық дереккөзден