Жылда Қазақстанда 1,2 млн адамды қамтитын түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіледі

(0 Votes)

Жыл сайын 1,2 млн адамды қамтитын әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттің дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша қоғам алдында екі негізгі міндеті бар. Осы орайда ел тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту ескерілген. Бұқаралық спорттың негізгі төрт ерекшелігі бар. Біріншіден, дене шынықтыру бағытындағы іс-шараларда барлық жас санатындағы азаматтардың емін-еркін қамтылуы қарастырылған. Екіншіден, барлық жас санатындағы адамдар үшін спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау керек. Үшіншіден, «бастысы – жеңіс емес, спорт іс-шараларына қатысу» қағидатын ұстану», - деді А. Оралов.

Оның айтуынша, елімізде жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамтитын әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі.

«Әсіресе, кейінгі жылдары жүгіру, марафондар, велошерулер мен веломарафондар, отбасылық жарыстар, сондай-ақ өзге де іс-шаралар танымал бола бастады», - деді министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT