Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында тағы 4 медаль жеңіп алды

(0 Votes)

Қазақстан құрамасы үшін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласындағы нысана көздеуден əлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Бүгін қазақстандық мергендер тағы 4 медаль (2 алтын, 2 қола) жеңіп алды.

Жылжымалы нысана көздеуде (10 метр, ауыспалы ритм) Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, тағы əнұранымызды шырқатты. Ел намысын әпкелі-сіңлілі Зухра және Фатима Ирназарова мен Александра Садуакасова қорғады. Ал осы бағдарламаның жекелей сынында Фатима Ирназарова алтыннан алқа тақса, Зухра Ирназарова қола жүлдегер атанды.

Ал жылжымалы нысана көздеуде (10 метр, ауыспалы ритм) Қазақстан ерлер құрамасы Украина мен Финляндиядан кейін 3-сатыға тұрақтады. Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Даниил Яковенко жылдам және жай жылжитын нысанаға оқ атып, 1080 ұпай жинады.

Қазақстан спортшылары Чханвонда барлығы 4 алтын, 4 күміс жəне 2 қола медальге ие болып, жалпы есепте үздік бестікке кірді. Жасөспірімдер арасындағы биылғы бəсекеге 45 мемлекеттен 600-ге жуық атлет қатысып жатыр. Қазақстандықтар тек 3 санатта бақ сынады. Олар: винтовка (əйелдер), тапанша (ерлер), жылжымалы нысана (ерлер, əйелдер). Əлем чемпионаты ертең мəресіне жетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT