Жастар театрының "Кастингі" өтті

(0 Votes)

Аудан төрінде 11 шілде күні Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар жылы аясында «Ақсұңқар» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылған «Атырау облысы жастарының аудандардағы күндері» атты 50-ге жуық жас дарындардың басы қосылған ауқымды шара өтті.

Шара аудандық мәдениет үйінде Атырау Жастар театрының М.Томасовтың "Кастинг" комедиялық қойылымымен бастау алды. "Өмірдің өзі - театр, ал адамдар, актерлар" дегендей, бұл қойылымда күрбелеңі көп өмірде асқақ арманына жету үшін, шексіз қиялға ерік беріп, шет елге кету арманы болған адамдардың шынайы бет-бейнесі көрсетілді.

s

t

Ал шындығында, елі мен жерін құлай сүйетін адам "өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан" болуды көздесе керек. Күлдіре отырып мұңайтатын, астарлы ойға толы комедия жастарға ең бастысы "өмірдің кастингісінен" сүрінбей өтудің маңызын ұқтырғандай болды. Көзінде от, бойында жалын лаулаған жастардан құралған бұл ұжымды аудан жұртшылығы айрықша ықыласқа бөледі.

k

Қойылым соңында аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев театр жетекшісі Ә.Нұрланұлына аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521