Бүгінде мұнайлы өлкемізде футбол спортын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде жас футболшылар облыстық турнирлерге қатысып, аудан намысын қорғап жүр.
Жақында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында республика күніне арналған «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен 2011-2012, 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.
Аталмыш турнирге Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, бәсекеге түсті.
Нәтижесінде жерлестеріміз үздік үштіктен көрініп, жүлделі II орынды қанжығасына байлады.
Ал команданың ойыншысы Батырхан Жасұланұлы үздік ойын көрсетіп, «Үздік шабуылшы» атағына ие болды.
Бұл тұста айта кетейік, ашық турнирде топ жарған спортшылардың жеңісінде жаттықтырушылары Ербұлан Бөрібаев пен Арманбек Сүйіновтің еңбектері зор. Ендеше, жасыл алаң төрінде атой салар жас футболшыларға алар асуларыныңыз көп болсын дейміз!
Ә.ҚАСЫМ