Кәусар – қола жүлдегер!

Кәусар – қола жүлдегер!
(0 Votes)

Жақында Өскемен қаласында дзюдодан 2009 -2010 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған дүбірлі додада 36 кг салмақ дәрежесінде жерлесіміз Кәусар Нұрпейіс үздік үштіктен көрініп, қола медальды қанжығасына байлады.

Айта кету керек татами шебері атана білген Кәусар бұған дейінде талай отблыстық, аудандық, аймақтық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

Осы ретте жас спортшының шеберлігін шыңдап, оған спорт жолында бағыт-бағдар беріп жүрген жаттықтырушысы Абзал Капсалимов шәкіртінен зор үміт күтетінін жеткізді.

«Кәусардан күтер үмітіп көп. Оның әлемдік додаларда бақ сынайтын мүмкіндігі бар. Сол үшін тынбай жаттығу қажет. Биыл қоланы қанағат тұтқан болса, келер жылы чемпион атанып, алтын медальды қанжығаға байлайтынына сенемін»,- дейді Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Абзал Мәлікұлы.

Сонымен қатар, спортшының әкесі Ислам Нұрпейіс балаларының барлығы дерлік дзюдо күресімен айналысатынын айтады.

«Кәусар спортпен 9 жасынан бері кәсіби түрде айналысып келеді. Ең алғашқы жарысы 2022 жылы 7 сәуірде Ақтау қаласында өткен болатын. Сол күннен бастап бүгінге дейін қандай додаға қатысса да олжасыз оралған емес.

Одан өзге үйде өзінен кейінгі інісі және сіңілісі де осы спорт түрімен айналысады. Інісі Нұрсәтте 8 жасында Алматы қаласында өткен жарыстан үздік шығып, чемпион атанған болатын. Осы ретте балаларымның үздік спортшы болуы жолында тер төгіп, оларды дайындап жүрген жаттықтырушы Абзал Мәлікұлына алғыстан басқа айтарым жоқ»,- дейді спортшының әкесі.

Бізде чемпион Кәусарды жеңісімен құттықтап, әлем чемпионы болуды тіледік.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT