Жарайсың, «Бахтияр»!

(1 Vote)

 Бұған дейін де бірнеше ірі турнирлерде аудан намысын қорғап, абыроймен оралып жүрген "Бахтияр" кіші аяқ доп командасы Алматы қаласынан сүйінші хабар сұрады.

"Бахтияр" командасы бұл турнирге жолдама алу үшін Атырау қаласында өткен  облыстық турнирде топ жарған болатын. Ала допқа әбден машықтанған мақаттық команда бұл жолы да облыс намысы сынға түсер сәтте аянып қалмады.

img-20191010-wa0021

img-20191010-wa0020

"Харекет" қайырымдылық қорының екі жылдығына арналған шағын футбол турнирінде жерлестеріміз 16 команданың ішінен жүлделі үшінші орынға ие болды. Жүлде - 1 бөлмелі пәтер. Бір қуаныштысы, бұл пәтерді Мақат ауданынан алуға толық мүмкіндік бар. Футболшы жігіттер ауданға келген соң мұқтаж жанұяның біріне  осы пәтердің кілтін табыстамақ. Осылайша жеңімпаз жерлестеріміз облыс намысын асқақтатып қана қоймай, бір жанұяның қуанышына себеп болғалы тұр.

 А.Садыков,

сурет "Бахтияр" командасының ойыншыларынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT