Жансая Әбдімәлік Vienna Open-де арнайы сыйлыққа ие болды

(0 Votes)

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан халықаралық Vienna Open турниріне қатысып, әйелдер арасында 1-орынды иеленді.

Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Кеше халықаралық Vienna Open турнирі аяқталды. «А» турнирінде 398 шахматшы қатысты.

Әйелдер арасында 1-орын иелендім, ал ерлер арасында 2-11-ді бөлістім. Сондай-ақ әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткенім үшін аты аңызға айналған Нана Александриядан арнайы сыйлық алдым. Қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғыс айтамын!», – деп жазды Жансая.

Материал: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521