Головкин - Деревянченко жекпе-жегінің билет бағасы анықталды

(0 Votes)

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек билеттерінің бағасы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Орта салмақтағы вакантты IBF белдігі үшін өтетін жекпе-жектің ең арзан билеттерін 56 долларға (21 500 теңге), ал ең қымбаттарын 756 доллардан (292 000 теңге) сатып алуға болады.

Бұл баға Головкин мен Сауль Альварес арасындағы реванштың билет бағасымен салыстырғанда әлдеқайда арзан болып отыр. 2018 жылы өтен екінші жекпе-жектің билет бағалалары 300 доллар (96 000 теңге), 500 доллар (160 000 теңге), 700 доллар (227 000 теңге), 800 доллар (256 000 доллар), 1 500 доллар (480 000 теңге), 2 000 доллар (640 000 теңге), 2 500 доллар (800 000 теңге) және 5 000 доллар (1 600 000 теңге) болған еді.

Айта кетейік, орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі «Канелоға» тиесілі болатын. Мексикалық боксшы жақында бұл белдігінен бас тартқандықтан, осы титул үшін қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жек өткізеді.

Жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді.

Осы категория бойынша: « Рыпакова Париждегі «Бриллиант лига» турнирінің кезеңіне қатысады Волейбол: Қазақстан қыздар құрамасы Иранды жеңді »

Материал: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521