Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Мақаттағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Мұса Баймұхановты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті.
Дәстүрлі турнирге Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан келген тоғыз команда қатысты. Екі күнге созылған жарыста 2005-2006 және 2007-2008 жылғы туған екі жүзге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Еркін күрес ептілікті қажет етеді. Күш ғана емес, жігер мен рух та керек. Сондықтан жарыстың балғын спортшыларға берері мол. Сайыс қорытындысы бойынша 2007-2008 жылы туған аудан спортшылары Ербол Маратұлы (42 кг) І орын, Диас Қарасаев (32 кг) ІІ орын, Асхат Оңғар (42 кг) ІІ орын, Саттар Елубай (38 кг) ІІІ орын, Надырхан Толыбай (42 кг) ІІІ орынға ие болса, 2005-2006 жылы туған палуандар Алпар Мұратұлы (41 кг) І орын, Ерасыл Сайранов (65 кг) І орын, Дархан Қарасаев (44 кг) ІІ орын, Ақжол Аққойшиев (44 кг) ІІІ орын, Әділ Сағат (48 кг) ІІІ орын, Ақылбек Бисенбаев (48 кг) ІІІ орын, Жансерік Ерғалиев (65 кг) ІІІ орын иеленді. Жарыс соңында көп ішінен үздік шыққандар аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан марапатталып, естелік сыйлық, медальдарды еншілеп қайтты.
М.ІЗТҰРҒАНОВА