Еліміз саяси, экономикалық реформаларды іске асырып қана қоймай, рухани жаңғыруға бет алды.
Қазақстандық әрбір төртінші азамат жастар екенін ескерсек, өскелең ұрпақ өкілдері бұл істердің нақ ортасында біте қайнасуы – алғы шарт. Осы ретте Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінде оқушылар аталмыш мектепте тәлім алып, бүгінде белгілі бір жетістікке жетіп жүрген жастармен кездесу кешін ұйымдастырды.
Ондағы мақсат – жастар мен жасөспірімдерге болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыру, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты ояту болатын.
«Мың түрлі мамандық. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман» атты кездесуге ел абыройын әлемге танытып келетін әлем чемпионатының жүлдегері Шынтас Серікболсын, республикалық жарыстардың жеңімпазы Гүлсімай Отарбаева, ел чемпионы Рахмет Махамбет келіп, мектеп түлектерімен де пікір алысты. Спортшылар мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуде ата-ана, ұстаздармен кеңесуді ұсынды.
Кездесуде студенттермен мектеп психологі психологиялық тренинг өткізді. Спортшылар пікірлерімен бөлісті.
Мектеп бітіруші түлектердің тиянақты шешім қабылдауына түрткі болған кездесуде оқушылар белсенділік танытып, сауалдарын да беріп жатты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.