Футзалдан жарыс өтті

(0 Votes)

Спортты жанына серік еткен жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық жарыстар ұйымдастырып, ұжымдық ойындарға уақыт бөлуі қуантарлық жағдай.

Жақында ауыл жастары өмірден ерте озған, мақаттық жас Демеу Айбек Беренұлын еске алу құрметіне арналған кіші аяқ добынан аудандық турнир өтті. Жарыстың өз деңгейінде өтуіне марқұмның отбасы мен құрдастары ұйымшылдық танытып, қолдау көрсетті.

Мақат кентінің Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен турнирге аудан бойынша (1988-1989ж, 1992-1993ж , 1994-1995ж, 1996-1997ж, 1998-1999ж, 2000-2001ж, 2002-2003 жылы туылған жастардан құрылған және Бекарыс командасы) 8 команда құрамында 80 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысында I-ші орынды 1994-1995 ж.т. жастар командасы, II-ші орынды Бекарыс командасы, III-ші орынды 1992-1993 ж.т. жастар командасы жеңіп алды.

Жарыстың «Үздік ойыншы» номинациясы Әбдіразақ Әлішерге, «Үздік Қорғаушы» Баймбетов Мұхтарға «Үздік Қақпашы» Бисенбаев Русланға, «Үздік Шабуылшы» Өтегенов Асланға, «Үздік Сұрмерген» Айтпаев Саламатқа лайықталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Демеу Айбек Беренұлының отбасы мен құрдастарының атынан кубок пен дипломдармен марапатталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT