“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ ӨТТІ

(0 Votes)

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының қорытынды кеші өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді және табиғи аймақтарды тазалау, экологиялық мәдениетті арттыру, азаматтарды қоғамдық орындарда мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақыру, сондай-ақ еріктілер мен ұйымдардың экология саласындағы еңбегін насихаттау болды.

Кеште алғаш болып сөз алған аудан әкімі Азамат Саматұлы акцияның маңыздылығына тоқталып өтіп, тұрғындарды алдағы уақытта да тазалыққа белсенділік танытуға шақырды.

Сондай-ақ, ауданның тазалығына үлес қосқан бірқатар мекеме мен көше тұрғындары және тазалық жанашырларына аудан әкімінің алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтарын табыс етті.

Атап айтқанда “Мақат желілік өндірістік басқармасы”, “Қамқор Локоматив”, “ДоссорМұнайгаз” өндіру басқармасы, Мақат аудандық білім бөлімі, аудандық кітапхана мекемелері аудан тазалығына атсалысқан мекемелер ретінде танылды.

Сондай-ақ, тазалық жанашырлары номинацияларымен бірқатар азаматтар марапатталса, Ж.Жұмағалиев, Бейбітшілік және Б.Аймағамбетов көшесінің тұрғындары “Үздік көше” аталымына ие болды.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Г.Мәмбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT