“Бақ-ырыс” мейрамханасында “Жыл кәсіпкері - 2025” атты салтанатты іс шара өтті.


Шара барысында алғы сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан экономикасына үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің еңбегін атап өтіп, өз ісін дамыту арқылы мемлекеттің әл-ауқатын арттырып жүрген жандарға алғысын білдірді.
Шара барысында бірқатар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы, облыс және аудан әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының Алғыс хаты табыс етілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасынан үздіктер анықталып, арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, “Үздік жас кәсіпкер” - Айгерім Бекенова мен Алтынгүл Қайырғожиева, “Үздік кәсіпкер әйел” - Нұршат Тлеужанова, “Отбасылық бизнес” - Замира Мәуленова, “Қызмет саласының үздігі” - Бибігүл Исенаманова, “Сауда саласының үздігі” - Айман Айтжанова, “Үздік әлеуметтік кәсіпкер” - Шынар Панабаева, “Үздік өндіруші” - Айсұлу Құлымжанова, “Үздік жұмыс беруші” - Бағила Бегениязова, “Үздік жылыжай” - Татьяна Череватенко, “Жыл кәсіпкері” - Еркебұлан Айменов атанды.

“Жыл кәсіпкері - 2025” іс шарасында кәсіпкерлерге арналған дастархан жайылып, аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын назарға ұсынды.
Ә.ҚАСЫМ



