Ата-аналар форумы отбасы құндылығына арналды

(0 Votes)

Атырау қаласындағы Абай орталығында облыстық ата-аналар форумы өтіп жатыр. Отбасы, мектеп және мемлекет арасындағы өзара үйлесімді байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумға спикер ретінде облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қуанышев, ҚХА республикалық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай, сондай-ақ республика Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы департаментінің басқарма басшысы Сәуле Апетова қатысуда.

Жиын барысында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың, соның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті күшейту мәселелері кеңінен талқыланып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отбасы, мектеп, мемлекет үштігі үйлесімді болған жағдайда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады» деген пікірі форумның негізгі өзегіне айналып отыр.
Сондай-ақ білім беру басқармасының бастамасымен жаңа оқу жылында барлық мектепте жүзеге асырылып жатқан кешенді іс-шаралар таныстырылып, «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы аясында әзірленген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Майра ЕРҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT