«Алихан» командасы – күміс жүлдегер

«Алихан» командасы – күміс жүлдегер
(0 Votes)

 Жақында өткен футболдан ересектер арасындағы «Атырау чемпионаты KLLF» ойынында аудандық әуесқой аяқдопшылардан құралған «Алихан» командасы үздік ойын көрсетті. Нәтижесінде жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлап, аудан абырой асқақтатты. 

Атаулы жарыста қалалық және аудандық құрамалардан құралған 18 команда бақ сынап, аудандық әуесқой аяқдопшылар 17 ойын көрсетіп, оның 14-де жеңіске жетті. Қорытынды есепте 42 ұпайды еншіледі.

Сондай-ақ, үш айға созылған біріншілікте үздік ойын көрсеткен Қанат Оспанов «Үздік қорғаушы» атағын иеленді.

Осы ретте айта кетейік, аудандық әуесқой аяқдопшылар құрама командасының жеңіске жетуінде жаттықтырушысы Ержан Шарафиевтің еңбегі орасан.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521