Алматы қаласындағы "Balbulaq" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Республикалық "Көктем шуағы" атты ән-би, жыр-күй онлайн байқауы өткен болатын.
Байқауға Доссордағы Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің домбыра және баян аспабы сыныптарының оқушылары бақ сынады. Қорытындысында баян аспабында өнер көрсеткен Аманбек Естаев бас жүлде иеленіп, Әлихан Сәтпай І дәрежелі лауреат атанды. Ал, домбыра аспабын шерткен Әділет Естаев І дәрежелі лауреат атағымен марапатталды.
Сондай-ақ, додада оза шапқан шәкірттерінің жетекшілері Шолпан Жылқышиева және Мейрамбек Ғинаятов дарынды да талантты өнерпаз дайындау арқылы жарқын болашақтың жанынан табылғаны үшін «Құрмет грамотасымен» құрметтелді.
"МТ"