Зілтеміршілер ерлеп тұр

(0 Votes)

Ауданымыздың мерейтойына орай Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде ауыр атлетикадан батыс аймақтық турнир өтті.

Дүбірлі додаға Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан, Атырау қаласы және ауданнан сексенге жуық жас спортшы қатысты.

nurlani

sportsmeny

Шараның ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов және аудандық "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағамбетов спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 11 және 14 жас аралығындағы зіл теміршілер қатысты. Олар бес салмақ дәрежесінде үлкен және кіші топ бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысында аудан спортшылары кіші топ Қосмырза Ерасыл 33 келі, Мұрат Нұрасыл 37 келі, Бектұрған Олжас +55 келі салмақ дәрежесі бойынша І орын иеленді. Тұрмағамбет Махамбет 41 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын алды. Ал, үлкен топ бойынша Жолдасқали Асылбек 33 келі салмақ бойынша І орын, Болатұлы Самат 37 келі ІІ орын, Табылдиев Ақниет 37 келі және Мұрат Ерасыл 49 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды иеленді.

turlan

Екі күнге созылған турнирдің соңғы күнінде жанкүйерлер әлемдік додаларда топ жарып жүрген  алыптардың өнерін тамашалады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта турнирдің жалғасын табатынын жеткізді. Айта кетейік, ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған спорттың бұл түріне қызығушылық танытушылар саны да артуда.

Бүгінде спорт мектебінде ауыр атлетикамен жиырмадан астам жасөспірім шұғылданып жүр.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521