Мақаттық мәдениет қызметкерлері бейнебаян түсірді (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Өзіндік өрнегімен сара жолын қалыптастырып үлгерген аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өздерінің төл мерекесі тұсында аудан жұртшылығымен бейнебаян арқылы қауышты.

Сараң дүниенің санасын оятамын деп, жар мен құздың жағасын жағалайтын өнер иелерінің өмірден алып жүрген бағасы бұл жолы өлең жолдарымен өріліпті.

Бейнебаянда мәдениет саласы қызметкерлерінің көзі қарақты көрермендері мен талғампаз тыңдармандарына деген сағыныш лебі байқалады. Бұған дейінгі сахналық қойылымдардың үзінділерімен безендірілген бейнебаянды аудандық мәдениет үйінің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан таба аласыздар. Сахнасымен қауышуға санаулы уақыт қалса да, әртістеріміз жадымыздан жырақтаған емес. Оларға деген көпшіліктің ыстық ықыласын әннің астына қалдырылған толассыз пікірлерден де байқауға болады.

Осылайша өнер жолындағыларға арналған туындылар жерлестеріміздің орындауындағы тағы бір көркем дүниемен толықты.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521