Кәсіпқой боксшылар қатарын Бек Нұрмағанбет толтырды

(0 Votes)
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы карьерасын бастайды, деп хабарлайды Sports.kz. Cпортшы Instagramдағы парақшасында: «Мен құрамадан кеттім. Кәсіпқой боксқа ауысамын», - деп жазды.
Бек Нұрмағанбеттің әуесқой бокстағы деңгейіне келер болсақ, ол - Азия чемпионы. Өткен жылы қазақстандық 81 келі салмақта алтын еншіледі.
 
Нұрмағанбет Екатеринбургте (Ресей) өтетін әлем чемпионатына қатысуы тиіс еді, бірақ жарақатына байланысты турнирге бара алмаған.
 
Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев оның орнына Бекзат Нұрдәулетовті ауыстыруына тура келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521