БӘЙГЕТӨБЕДЕ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

(0 Votes)

Бүгін Бәйгетөбе ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.

 Ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Құттықтаулар легін жалғаған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов спорт кешені жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Әрі қарай нысанның құрылыс жұмыстарына жауапты «Альтаир СК-7» мердігер мекемесінің өкілі Артур Мақсатұлы жаңа дене-шынықтыру спорт кешенінің директоры Айбар Есенғалиевқа нысанның кілтін табыстады.

Әрі қарай, салтанатты түрде кешеннің лентасы қиылып, келген қонақтар спорт кешенін аралады.

Айта кетейік, нысан 2 қатарлы, ғимараттың ауданы 1308,5 шаршы метрді құрайды.

Ғимаратта жаттықтырушылар, дәрігерлер, күзетшілер бөлмесі, бокс, күрес залы мен спортзал, ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру, сондай-ақ жуыну бөлмесі қарастырылған.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT